Адамдар серуендеуді ұмытып, ботаны қаңғыбас иттер талап кетпес үшін сағаттап қарауылдаған. Жұрт осы түйенің тәулік бойы қала кезіп, жасыл желектерді отап, жолда жүргенін көріпті. Қараусыз малдың таңбасы да, иесі де жоқ. Полицейлер ақыры саябақ ішінде боталаған түйені арнайы мал тұраққа әкетті. Ал, иесі түйесін қала ішінде қараусыз қалдырғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін. Қазір бұл адам іздестіріліп жатыр. Ал, куә болған тұрғындар аман қалған ботаға паркте туған соң, сәйкестендіріп "Ақбота" деп ат қойып үлгеріпті. Айта кетейік, қалалық әкімдік қала ішінде осылай малды қараусыз жіберген иелерін жауапқа тартпақ.