Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін, өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихатының депутаттарына жаңа қала әкімінің кандидатурасын ұсынды, депутаттар Ізбергеновтің кандидатурасын қолдады. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімен шаһар басшысы болып Ербол Ізбергенов тағайындалды.