Бес лауазымды тұлға ұсталды
Әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды. Олар қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша күдікке ілінді. Аталған әрекеттер ауыр зардаптарға әкеп соққан. Ұсталғандардың қатарында - Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.