Нұрлан Оразалин қаралы отбасыларға көңіл айтты
Ұзақ жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағын басқарған ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту үндеуін жолдады. Ол қаралы жағдайдың бүкіл елге ауыр тигенін айтып, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл білдірді. Азаматтардың ел алдындағы қызметін атап өтіп, олардың өмірден қазасы орны толмас өкініш екенін жеткізді.