Жолдағы қауіпсіздікке бақылау күшейеді
Өңір жолдарында құқық бұзушылықты анықтайтын 219 тұрақты және 56 мобильді бақылау жүйесі жұмыс істейді. Автоматты фиксациялау жүйелерінің 108-і Ақтау қаласында, 40-ы Мұнайлы ауданында орнатылған. Ал республикалық маңызы бар автожолдарда 45 «Сапар Vision» жүйесі жұмыс істейді.«Сапар Vision» жүйесі іске қосылғаннан бері 70 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.