Бүгін Катарда футболдан әлем чемпионаты басталады. 4 жылда бір келетін доп додасы алғаш рет күз-қыс айларында ұйымдастырылып отыр. 20 қараша мен 18 желтоқсан арасында өтетін чемпионатқа 32 команда қатысады. Чемпионат бір айға жуық Катардағы 8 стадионда өтеді.