Біздің арнамызға Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылы, "Жалын" көшесінің тұрғындары арызданып келді. Айтуларынша, мұнайлылық кәсіпкер кафесінің маңынан рұқсатсыз жер қазып, құбыр өткізіп жатыр екен. Көше тарылып, көліктер жүре алмай қалған. Ауыл әкімдігі бұл мәселеден хабардар болса да ешқандай шара алмай отыр,- дейді ашынған тұрғындар.