Ақтауда алғаш рет 100-ден астам баланың басын қосқан көркем сурет және фото фестивалі өтті. Шараға қатысушыларға креативті және эко ойлауды дамыту бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, суретшілер, фотографтар, digital дизайнерлер арасындағы "ЭГО-дан ЭКО-ға" байқауының қорытындысы жарияланды.