Ақтауда 4 күнге созылған "Студент көктемі - 2023" облыстық фестивалі өз мәресіне жетті. Спорттық сайыстарға 600-ден астам студент қатысып, шеберліктерін көрсетті. Фестиваль мақсаты - оқу орындарындағы жастардың әлеуетін арттыру, қоғамдық өмірге белсенді араласатын студенттік топтарды анықтап, спортпен тұрақты шұғылдануға жұмылдыру - дейді ұйымдастырушылар.