Ақтауда 17 шағын аудандағы "Атамекен" тұрғын үй кешенінің үлескерлері бірнеше жылдан бері баспаналарын ала алмай жүр. 2019 жылы аяқталуы тиіс үйдің әлі күнге дейін құрылысы бітпеген. Оған қоса құрылыс компаниясының басшылар бірнеше рет ауысқан. Жиған-тергенін пәтер алуға бергендер енді қайдан барарын білмей арнамызға шағымданды.