Алғаш рет әлемге танымал роботтар көрмесі Ақтауға келді. Яғни, облыс тұрғындары мен қонақтары 50-ден астам роботты тамашалайды. Оған қоса, роботтар шоуы мен театрын көре алады. Көрменің басты ерекшелігі - бірегей интерактивті технология. Бұл дегеніміз, келушілер әр экспонатты ұстап көреді.  Сондай-ақ, олар виртуалды шындықтың 7 аймағына еніп, шеберлік сабағына қатысады.