Дүниежүзілік шөлейттену және қуаңшылыққа қарсы күрес күніне орай Бейнеу ауданының Сыңғырлау ауылында мұғалімдер арасында «Жасыл әлем: Шөлденумен күрес» тақырыбында хакатон ұйымдастырылды. Қатысушылар өңірдегі табиғи апаттар мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған тың жобаларын таныстырды.