Маңғыстау облысының аумағы ұлғаяды. Аймақ шекарасына Каспий теңізі акваториясына дейінгі 721 мың гектар жерді қосу жоспарланып отыр. Аталған ұсыныс мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Бұл тапсырманы Үкімет басшысы былтыр өңірге жасаған сапары барысында берген. Қаулы жобасы әзірге ашық талқылауда болады. Жаңа құжатқа сәйкес қабылданған өзгеріс облыстың экономикалық дамуына, теңіздегі инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етпек.