Ақтауда көлік қаққан екі баланың бірі оңалып келеді.Өздігінен тыныс алып, тамақтанады. Ал екіншісі әлі күнге дейін ес-түссіз, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, 14 мамыр күні жүргінші жолағы арқылы жолдан өтпек болған екі жеткіншекті көлік қағып кеткен еді.