Маңыстаулық спортшылар Астанада өтетін Бочча спортынан сынға түспек. Қазір олар дайындықтарын бастап кетті. Айта кетейік спорттың бұл түрі облысымызға 2023 жылы келді. Бочча бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеудің тиімді құралына айналып отыр. Тірек-қимыл аппараты зақымданған жандарға арналған спорт бөлімшелері Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жұмыс жасайды.