Биыл ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай Әділет департаментінің бастамасымен оқушылар арасында Абайдың қара және нақыл сөздерін мәнерлеп оқудан  байқау өтті. Шара барысында Абайдың шығармашылығына деген жастардың қызығушылығы ерекше байқалды. Ақынның туындыларын сүйіп оқитын оқырмандар, жыр мүшәйраларына қатысып жүрген оқушылар өнерлерін ортаға салды. Солардың бірі Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы. Ол хакімнің терең философиялық туындыларына ден қойғды.