Мұнайлы ауданында дағдарыс орталығы ашылды. Осыдан 4 жыл бұрын жұмысын бастаған “Жанұя” орталығы енді тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға көмек көрсетеді. Мекеме түрлі статустағы отбасыларды психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік тұрғыда қолдауға бағытталған.