Еңбек күні аталып өтті
Ақтауда еңбек күніне арналған салтанатты шара өтті. 2013 жылдан бері тойланып келе жатқан атаулы күннің мақсаты – көпшілікке еңбек ұжымдарындағы үздік қызметкерлер жетістігін дәріптеу. Жиында түрлі кәсіпті меңгеріп өз ісінің білікті маманы атанғандар бас қосты. Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бәсекеге қабілетті ел болуда еңбек ете білудің маңызын атап өтіп, азаматтарды мерекесімен құттықтады.