Құтқарушылардың кәсіби мерекесі тойланды
«Ерлік пен жауапкершілік - елге қызмет»! Жаңаөзен қаласында құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Басқосуға сала ардагерлері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары қатысты. Кәсіби мерекелеріне орай бірқатар азамат қала әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды.