Елін сүйген ұрпақ – ел болашағы
Республика күні – елдіктің еңсесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын маңызды мереке. Бұл күннің мәні мен маңызын жас ұрпаққа түсіндіру, балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік дарыту – тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі. Ақтау қаласындағы №11 «Кәусар» балабақшасында ұлттық мерекеге орай бүлдіршіндерге арналған тағылымды шара ұйымдастырылды. Балғындар ән мен би арқылы елге деген құрметін білдіріп, ұлттық мұраға деген қызығушылықтарын көрсетті.