«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының ұжымы тегін қан тапсырды. Мақсат – қайырымды жандарды ерікті түрде донор болуға шақырып, қан қорын толтыруға атсалысу. Медициналық ұйым мамандарының айтуынша, донор болатындар саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл 7 айдың ішінде 7500 донор тіркелген. Оның 5000-ға жуығының қанынан плазма мен тромбоциттер алынады.