Ақтада жас теңізшілердің әскери ант беру рәсімі өтті. 169 теңізші Отан алдындағы маңызды қадамын жасады. Шара Мәңгілік алау монументі жанында өтті. Сарбаздардың жауапты сәтіне куә болу үшін ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Серік Борамбаев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және ата-аналар қатысты.