Ақтаудағы теңіз жағалауынан жаңа туристік нысан ашылды. Үш қабатты орталық жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары қатысып, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Демалыс кешенінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.