Түпқарағандағы «Карат» ЖШС қарасты «Sulo Bautino» коттедж қалашығы өңір тұрғындары үшін түрлі бағытта қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар мұндағы «Дәулет» наубайханасы мен су тущыту зауыты түпқарағандықтар үшін тұрақты жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, ашылғанына 3 жыл болған «Sulo Bautino» қонақ-үй-ойын-сауық кешеніне бүгінде сұраныс жоғары. Аймақтың туристік бағытын дамыту үшін қолға алынған жоба нәтижесін берген. Мәселен, мұнда өткен жаз айларында 2500 жуық мейман келді.