Маңғыстаулық журналист, ақын Ғалым Әріпке "Қазақстанның құрметті жазушысы" атағы берілді. Сондай-ақ, ақынның қос кітабы жарыққа шықты. Жаңа еңбектің тұсауы «Рух пен Сана» атты әдеби-сазды кеште кесілді. Облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторына арналған рухани шараға елімізге белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері келді.