Облыс бойынша 71 мың адам декларация тапсырған. Құжатты тапсыру мерзімі, осы жылдың 16-шы қыркүйегінде аяқталды. Ал, кіріс-шығындары туралы есеп бермеген азаматтарға хабарлама жіберілген. Олар 30 жұмыс күн ішінде, түсініктеме беру арқылы құқық бұзушылықты жоюы керек-дейді, мамандар. Сондай-ақ салық кодексінің 118-ші бабы бойынша банктегі есеп шоттары бұғатталады.