Автогаз тапшылығын жою, темір жолға жерасты өткелін салу, вокзалды жаңарту. Бейнеу ауданына барған облыс әкімінің алдында тұрғындар осындай мәселер көтерді. Азаматтар әкімнің жеке қабылдауында да болды. Нұрдәулет Қилыбай мәселелер өзектілігіне қарай рет-ретімен шешімін табады деді.