Ақтауда "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Шара аясында "Жасыл мектеп" байқау ұйымдастырылып, оған өңірдің 100-ден астам мектебі қатысты. Нәтижесінде қалалық Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 мектеп лицейі жеңімпаз атанып, қаржылай сыйақымен марапатталды.