Ақтауда мұқтаж отбасыларға тегін киім-кешек беретін әлеуметтік дүкен ашылды. "Біз біргеміз-біз адамбыз" қайырымдылық қоры осал топтағы жандар үшін осындай мүмкіндік жасап қойған. Енді киім-кешек немесе басқа да қажеттілік үшін аптасына екі рет ашық есік күні болады.