Негізгі Жаңалықтар Көлік жуу орталықтары жабылады

Көлік жуу орталықтары жабылады

Ақтауда автокөлік жуу орталықтарының жұмысына уақытша шектеу қойылады. Бұған теңіз температурасының жоғарылауы мен ауыз суды тұтыну көлемінің артуы себеп болып отыр. Сондай-ақ, жасыл желектерді суару да әзірге тоқтатылады. "МАЭК" кәсіпорны осы арқылы орталық сумен жабдықтау торабтарындағы тіршілік нәрінің деңгейін тұрақтандыруды көздейді. Жауаптылар аталған жағдайға көлік жуу орындары иелерінің түсіністік танытуын сұрайды.


Бөлісу