Қала орталығында қараусыз қалған ту. Бүгін желіде осындай бейнежазба тарады. 12-ші шағынаудадағы Ту тұғыр маңында жатқан байрақты көрген азамат бұл жағдайға бейжай қарай алмаған. Байрақтың аяқ асты болуына қынжылыс білдірген тұрғын қала басшылығынан Туды алып қоюды сұраған. Еліміздің бас нышанының жерде жатуын әкімдік мамандары Ту сақталған қоймада жөндеу жүргізіліп, соған байланысты ту уақытша сыртқа шығарылған деп түсіндірді.