Беймезгіл уақытта көше кезетін балалар азаяр емес. Ақтауда соңғы үш күнде сағат түңгі 10-нан кейін ата-ана қарауынсыз жүрген 100-ден астам бала ұсталды. Жеткіншектерді тәртіп сақшылары "Түнгі қаладағы балалар" атты жедел профилактикалық шарасы барысында анықтады. Мақсат беймезгіл уақытта қараусыз жүретін балаларды анықтап, жасөспрімдермен жасалатын заңбұзушылықтардың алдын алу.