Соңғы 2 күнде облыс аумағында қоғамдық көлік жүргізушілерімен 200 ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Ал, жол ережесін бұзған 14 автобус арнайы тұраққа қойылған. Сондай-ақ заңсыз жолаушы тасмалдаған 3 жүргізуші анықталып, көлік иелері тиісті жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары бұл заң бұзушылықтарды «Автобус» жедел профилактикалық шарасы барысында анықтады. Мамандар бұл бағытта жұмыстар жалғасатынын және көлік құралының техникалық жай-күйімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерге назар аударылатыны жеткізді.