Маңғыстауда "Қызыл орамал" атты тарихи драма таспаланып жатыр. Фильмнің режиссері - Қанат Майлыбай. Кинокартинада
1931 жылы болған ашаршылық кезіндегі бір отбасының Түркіменстанға қоныс аударуы көрсетіледі. Басты рөлдердің бірін -
17 жастағы Дильназ Амангелді сомдайды. Бұл оның үшінші жобасы. Шығармашылық құрам 1 ай дайындық жасап, түсірілімге кірісіп кеткен.