12 тамыз "Жастар күніне" орай Ақтауда алғаш рет базар қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Қаладағы сауда-саттық алаңдарында жұмыс істейтін жастар үшін "Теңбіл доп" турнирі ұйымдастырылды. Оған қала бойынша 6 түрлі базар орталықтарынан  6 команда қатысқан. Тартыс өткен ойында бас жүлдені "Масат" базарының атынан шыққан команда алды. Екінші орынды "Сақ" базарының командасы, ал үшінші орынды "Мағаш" базарының жас ойыншылары алған.  Турнир сәтті өтсе облыстық деңгейде ұйымдастырылмақ.