Жағымды жаңалық. Егер  сарбаздың әскерге барғанда несиесі болса, оны төлеуге демалыс қарастырылған. Яғни, жауынгерлер 13 айға несиеден босатылады.Мемлекет осындай жеңілдік жасап отыр. Әскердегі жауынгерлер бұл мүмкіндікті қалт жібермей, пайдаланып жатыр. Осылайша, банкке берешегі бар отан қорғаушылардың мәселесі шешімін тапқан. Енді жауынгерлер уайымсыз білім алып, әскери борышын өтей алады.