"Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Енді еңбек адамының мәртебесі артады" Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Яғни "бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел болу үшін инженер, геолог, кен орнын игеруші, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлері мен ғалымдар және өнертапқыштарға да берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар қатарына қосылатынын айтты. Бұл санаттағылардың еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт беретінін түсіндірді.