Облыс әкімі Ақтау қаласында үлескерлердің есебінен бой көтеріп жатқан «Капитал», «Кәусар» және «Керуен» көппәтерлі тұрғын-үй кешендерінің салымшыларымен кездесті. Жиында тұрғындар үй құрылыстарының тұралап қалғанын айтты. Және құрылыс процесіне қойылған негізгі талаптары орындалмағанына шағымданды. Облыс әкімі Заң талаптарына сай құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейтіленінін айтып, салымшылардың мүдделерін қорғау үшін жауапты мекемелерге тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмаларды жүктеді. Айта кетейік, облыс әкімі апта сайын тұрақты түрде үлескерлер мәселесі бойынша салымшыларды қабылдайды.