Облыс бойынша "TazaQazBot" телеграмм чаты іске қосылды. Тұрғындар онда экологиялық мәселелерге қатысты өтініштерін қалдыра алады. Сонымен қатар "Tazaqazaqstan.kz" платформасына жеке тұлғалардан 70-тен астам өтініш келіп түскен. Арнайы чат-бот "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында құрылды. Жалпы экоакция кезінде сенбілікке 49 мыңнан астам адам қатысып, 844 техника жұмылдырылған. 19 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Аймақ көлемінде 70-ке жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталып, бүгінде соның 18-і жойылған. 15 мыңдай ағаш егіліп, 130-дан астам тарихи-мәдени ескерткішті қайта қалпына келтіру және тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал Каспий теңізінің жағалауынан 70 техника кепкен шөптер мен қураған қамыстар жиналған. Бұдан бөлек, 7 қыркүйекте эко-фестивль өтеді. Амфитеатр алаңында болатын шара бағдарламасында жәрмеңке, экскурсия, йога, сияқты бірнеше бағыт бар.