«Достық үйі» ғимаратында тілдер мерекесі қарсаңында жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды. Бұл жолғы шараның ерекшелігі - қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Мақсат -елдегі этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.