Облыс әкімі Мұнайлы ауданында құрылысы тұралап қалған аурухананың жұмысын жеделдетуді тапсырды. Өйткені аудандық аурухананы салу 2022 жылы басталға. Жоспар бойынша 1 жылдан кейін аяқталуы тиіс еді. Алайда, құрылыс материалдары мен медициналық жабдықтарының қымбаттауы мен кей құрылғылардың нарықта болмауына байланысты нысанды тапсыру биылғы жылдың соңына дейін ұзартылған. Қазіргі таңда жұмыс көлемінің 75%-ы орындалған. Айта кетейік, әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының бақылауында. Аймақ басшысы құрылысқа жауаптыларға ғимараттың сапасына мән берілу керектігін ескертті.