Биыл алғаш рет Маңғыстауда өңірлік кадр резерві іріктеу жүргізілді. Комиссия шешімімен 25 жас Өңірлік кадр резервіне сәтті өтті. Солардың бірі - Біржан Маратұлы. Ол қалалық құрылыс бөлімінде жұмыс істейді.  Кадр резервіне іріктеу өтетінін естіген кезде бірден шешім қабылдаған. Мақсаты - халық игілігіне абыройлы қызмет етіп, өңірдің дамуына үлес қосу.