Бүгінгі референдумда 12 млн-нан астам Қазақстандық дауыс бере алады. Ол үшін ел бойынша 10 мың 323 учаске әзірленіп, жұмыс істеп тұр. Қазақстан аумағынан тыс 74 учаске құрылған. Отандастарымыз әлемнің 59 елінде таңдауын жасай алады. Ал, Қазақстан бойынша дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Ең көбі Алматы қаласында. 1 млн 250 мыңнан астам адам, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңға жуық дауыс беруші тіркелсе. Астанада 900 мыңнан аста адам таңдау жасай алады.