Бейнеу ауданында дауыс беру қарқынды. Референдум учаскелері таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыстарын бастады. Айта кетейік, ауданда 40 мыңға жуық адам дауыс бере алады. 30 учаскеге 200-дей маман жұмылдырылған. Сондай-ақ, референдумға қоғамдық бірлестік өкілдері, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатысып жатыр. Ал жабық сайлау учаскесі жоқ. Бейнеуде 700-ден астам жас бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.