Ақтау қаласы бойынша 85 референдум учаскесінің есігі таңертеңгі сағат 7-ден бастап ашылды. Шаhардағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернатында орналасқан  №246-шы учаскесі де өз жұмысын бастап кетті. Комиссия құрамында 7 адам, 5 бақылаушы тіркелген. Дауыс берушілер тұрғылықты жеріндегі учаскіге келіп, таңдау жасауға белсенділік танытты.