Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Шарада өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды. Жаттығуға облыс әкімі қатысып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігімен танысты.