Ақтауда «Баланың бақытты мекені - Отбасы» тақырыбында Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Мақсат - Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беру, өзгерістерді талқылау. Өйткені дәл осы заң жобасын Мәжілістің жұмыс тобы қарастыруда.