40 мыңнан астам тұрғыны бар Түпқараған ауданы биыл әлеуметтік - экономикалық дамудың оң көрсеткішіне қол жеткізді. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 91 млрд теңгені құраған. Ал, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі - 419 млрд теңгеге жетіп, былтырмен салыстырғанда біршама артқан. Ауданның басқа салаларында қандай өзгерістер бар?