Маңғыстауда төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Себебі, мереке күндері от шашулардың салдарынан түрлі төтенше оқиғалар болуы ықтимал. Сондықтан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шырша тігілген орталық алаңдарда, теңіз жағалауында кезекшілікте тұр.