Ақтауда "Алаш-А-team" спорт клубы ашылды. Іргетасы бір жыл бұрын қаланған кешенде 150-ге жуық бала таеквандодан жаттығады. Мақсат -жастарды спортқа баулып, түрлі үйірмеде шұғылдануға жағдай жасау.